Қара сұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қара сұлы<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының сұлы туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 120 см-дей, сабағы тік, жапырағы ұзын, таспа тәрізді, 2-3 гүлден топталып өседі.
  • Гүлшоғыры - сыпыртқы.
  • Тұқымы арқылы өсіп-өнеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі.
  • Дәнегі піскен кезде тез төгіледі. Бір түп өсімдікте 600-дей дәнек болады.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанның барлық жерлерінде тараған, тек тәлімі жерлерде өспейді. Қазақстанның солтүстік аудандары үшін ең зиянды арамшөптің бірі. Көк майса кезінде малға жақсы пішен.

Егістікке зиянды әсері

Қара сұлы - тамыры тереңге кететін арамшөп. Жаздық дақыл егістігінде қалың өседі, егістіктің топырағын кептіреді. Астықтың сапасын төмендетеді.
Қара сұлы сұлыға өте ұқсас. Егер егілген ақ сұлыны жөндеп күтпесе, ол қара сұлыға - арамшөпке айналып кетеді. Ақ сұлы сабағының шашағындағы ақ сұлы дәндерінің ішінен қара сұлы дәнін де табуға болады. Қара сұлы мен ақ сұлының бір-бірінен негізгі айырмашылығы - жемістерінің (дәндерінің) құрылысында. Ақ сұлы дәнінің қабыршақтары жұмсақ, дәндері ірі, қоректік заттар көп; орып және басып алғанша дәндері сабағының басынан өз бетінше түспейді және төгілмейді. Қара сұлы дәнінің - қабыршағы тығыз және қара-қошқыл болады, пісісімен дәндері сабағынан төгіліп түседі. Қабыршақтарының бірінде, бетегенікі сияқты, ширатылған қылтығы болады. Ылғал тигенде қылтық жазылып кетеді, кепкен кезде қайтадан ширатылады. Қылтығы біресе - ширатылып, біресе - жазылып кетудің арқасында қара сұлының жемісі жорғалап жүріп, жер бетіне тарала бастайды. Егер столдың үстіне бір шымшым қара сұлы төгіп, үстіне азырақ су себетін болса, олар жан-жаққа қарай, ширатыла баяу қозғалып, бет-бетімен кетеді.<ref>Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963</ref>

Күрес шаралары

Егістікке зиянды әсеріне қарсы күрес:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер