Қарағанды музыкалық комедия театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарағанды Музыкалық Комедия Театры, Қарағанды Мемлекеттік академиялық музыкалық комедия театры (Бұқар жырау даңғ., 32/2) 1980 жылга дейін Теміртауда орналасты. 1973 ж. И.О.Дунаевскийдің «Толқынды жел» опереттасының премьерасымен ашынды. Театр репертуарында шетел және кеңес композиторларының классикалық шығармалары: К. Листовтың «Севастополь вальсі»; В. Соловьев Седовдың «Он сегіз жас», В. Гроховскивдің «Саған махаббат сыйлаймыны»; Б. Александровтың «Малиновкадағы үйлену тойы»; Е. Птичкиннің «Қатындар көтерілісі» мен «Тәтті жидегі»; Л. Колодубтың «Мен сені сүйемін»; О. Фельцманның «Гитара ойнай берсін»; И. Штраустың «Венадағы кездесулері» мен «Жарқанаты»; Ф. Легардың «Көңілді жесірі», «Фраскитасы» И. Кальманның «Сильвасы», «Цирк аруы»; О. Штраустың «Терезинасы»; Ж. Оффеңбахтың «Сұлу Еленасы»; Г. Гладковтың «Бремен музыканттары»; Н. Дунаевскийдіц «Күйеу жігіттері» және т. б. бар. Театр ұжымы облыс, совдай-ақ респ. қалалары керермендеріне жақсы таныс. Бас дирижері — А. Г. Фаерман, бас балетмейстері - В. А. Белобродов, бас хормейстері — Л. Новикова, бас суретшісі -М Р.Байкенов (1986). ҚазКСР-інің еңбек сің. артистері Б.З. Каркач пен В. А. Сухов теаірдың ардагерлері болып табылады.2000 ж. Академиялық атағы берілді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}