Қараоба қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қараоба қорымы - көне қорым.

Қараоба молалары

Сарыөзеннің сол жағалауында, Жаңақала ауылынан 6 км қашықтықтағы Жасауыл деген жерде орналасқан. Қараоба қорымы 30 обадан тұрады, олардың сыртқы пішіні жарты шар тәрізді, диаметрлері 10-30 м, биіктігі 50 см-ден 2 м-ге дейін. Олардың 17-сі скиф - сармат мәдениетіне жатады. Ал, екінші топқа, Алтын Орда кезеңіне жататын обалардың диаметрі 6-10 м, биіктігі 50 см-ден 1 м-ге дейін. Археологиялық зерттеу барысында Қараоба молаларынан бастарын солтүстік - батысқа және батысқа қарата жерленген адам мүрделері, қола айна мен сырға, сүйек ұршық, шыны моншақ, қыш құмыралар, жебе салынған қорамсақ, қой мен жылқы сүйектері табылған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер