Қапаш мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қапаш мешітісәулет өнері ескерткіші. Ақтаудың Жыңғылды қапасының ішінде, темір жолға жақын жерде орналасқан. Мешітті салдырушы Қосбай деген дәулетті адам, ал оны салған шебер соның туысы Қапаш Қинақұлы (1876 – 1938). Маңғыстаудағы сәулет өнерінің үздік туындысы саналатын мешіт құрылысына қиылып кесілген жергілікті жердің ұлу тастары пайдаланылған. Мешіт бірнеше бөлмелі.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Шебер мешітті тұрғызу кезінде негізінен Астрахан қаласындағы ғимараттардың үлгі-пошымын молынан пайдаланған. Қазан төңкерісі алдында ғана басталған мешіт құрылысы кеңес өкіметінің саясаты салдарынан толық аяқталмаған, төбесі шала біткен. 1931 жылы мешітті салдырушы Қосбай Ауғанстанға кетті, ал мешітті салған шебер Қапаш 1938 жылы ұсталып, атылды. Кейін мешіт үйі жүн жинайтын қоймаға айналып, ақыр аяғында мүлдем иесіз қалды. 1976 жылдан мешіт үйі мемлекет қарауына көшті; 2005 жылы оның тек қабырғалары ғана қалпына келтірілді, төбесі қаржы тапшылығынан ашық күйінде қалды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}