Қанат Нұрмұхамедұлы Омарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Қанат Нұрмұхамедұлы Омарбаев 1943 жылы 3 желтоқсанда Алматы облысында туған. Қазақ.

Әкесі - Омарбаев Нұрмұхамед, марқүм. Анасы - Омарбаева Қалилахан, марқұм.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік өнер институтының вокал факультетін бітірген (1973), опера орындаушысы, оқытушы.

Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2006жылдан) (қазіргі Қазақ ұлттық өнер университет). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1973 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера солисі. 1998 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының деканы. 2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі.

2003-2006 жылдары - Қазақ ұлттық музыка академиясы жеке ән айту кафедрасының меңгерушісі.

«Қажырлы еңбегі үшін» (1987), «Ерен еңбегі үшін» (2003) мөдальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1991). ҚР Білім министрлігінің «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2006).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Аса жоғары дамыған ел болады». Хоббиі - спорт, белсенді демалыс. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар; А. Құнанбаев, Н. Думбадзе.

Үйленген. Жұбайы - Омарбаева Үлтай Үйсымбайқызы (1952 ж. т.). Ұлы - Омарбаев Асқар (1976 ж. т.); қызы - Омарбаева Дина (1981 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub