Қанат Жүнісов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүнісов Қанат Құрмашұлы - әнші, актер, ақын, драматург.

Биография

1974 жылы 22 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген.

Дәстүрлі ән байқауының жүлдегері.

Қазақ эстрадасындағы "Бәйтерек", "Аламан", "Формат" т.с.с бірнеше топтардың, Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева, Дос сынды көптеген танымал әншілердің репертуарларындағы белгілі әндердің сөзін жазған.

Қ.Жүнісов сөз жазған 200 әннің отыздан астамы "Хит шеру" бағдарламасында жеңімпаз атанған.

"Біржан сал", "Мағжан", "Жамбыл" фильмдерінде ойнаған.

С.Сейфуллиннің 110, 115, 120 жылдығында театр сахнасында, "Сәкен", "Өмір жолы", "Тайны и судьбы великих казахов" секілді деректі фильмдерде, "Жамбыл" көркем фильмінде С.Сейфуллиннің рөлін сомдаған. 2014 жылы Анкара қаласында "Түрксой" ұйымы өткізген шарада С.Сейфуллин рөлін ойнағаны үшін Қырғызстан үкіметі "Тоқтағұл" атындағы медальмен марапаттаған. Сонымен қатар "Сәкен сұңқар" бейнебаянын түсірген.

"Біржан сал" фильміндегі сал-серілердің сөз қағысуын, "Құнанбай" фильміндегі Жанақ ақынның жырын жазған.

"Алғашқы махаббат" пьесасы Ресей елінде өткен театр фестивалінде "Ең үздік шығарма" номинациясын жеңіп алған.

2006 жылы "Ханшайым", 2014 жылы "Ән қанаты" атты ән жинақтары шыққан.

Еліміздің жиырма шақты театрында пьесалары қойылған.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2014 жылы қазақ өнері тарихында тұңғыш рет бірнеше жанрды қамтыған ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҚ өткізген. Апталыққа мемлекеттік 5 театр ұжымы мен танымал өнер иелері қатысқан.

Апталық бағдарламасы

Қ.Жүнісовтің "Жас қала, жас қаламгер"атты шығармашылық апталығының бағдарламасы:

  • 22 қыркүйек "Өнерге тағзым" (дәстүрлі ән және поэезия кеші)
  • 23 қыркүйек "Махаббат мелодрамасы" (спектакль)
  • 24 қыркүйек "Ғашықтар хикаясы" (спектакль)
  • 25 қыркүйек "Алғашқы махаббат" (спектакль)
  • 26 қыркүйек "Әншінің пірі Әміре" (моноспектакль)
  • 27 қыркүйек "Сәкен сұңқар" (спектакль)
  • 28 қыркүйек "Сырлы саз" (Қ.Жүнісовтің сөзіне жазылған әндерден концерт);

Апталық аясында "Сөйле сырлы сахна" атты кітабының тусаукесері өткен. Жұлдызды Астана - 2016" тұңғыш радиосыйлығында "Үздік мәтін авторы" номинациясының жеңімпазы атанды. "Шалқар шабыт" радиоспектакльдер сайысында "Әншінің пірі Әміре" атты моноспектаклі жүлдегер атанған. 50 ге жуық әдеби кештердің сценарийлерін жазып әрі кештердің жүргізушісі болған. Республикалық газет-журналдарға шығармалары, сұхбат-мақалалары жиі басылып тұрады. Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі. 1998-2009 ж ж Гумилев атындағы ЕҰУ қызмет еткен. 2009-2015 жж Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Авторлар Қоғамының мүшесі әрі Астана қаласындағы филиалының төрағасы.

<ref> Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.</ref>

<ref>http://kitaphana.kz/</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер