Қанат Жойқынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанат Жойқынбаев - 1937 жылы 2 желтоқсанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Морозов ауылында дүниеге келген.

1961 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Жазушы» баспасында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жұмыс істеген. Кейін «Социалистік Қазақстанның» Целиноград облысындағы меншікті тілшісі болған.

Шығармашылығы

«Махаббат әндері», «Азамат арманы», «Оралу», «Біздің ауылдың адамдары», «Замандастар», «Өз тағдырыңа қожа бол» атты прозалық кітаптардың, «Төрт бойдақ пен бір қыз», «Азамат болсаң» секілді пьесалардың авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}