Қамысбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қамысбек - ортағасырлық қарауыл мұнарасы. Қамысбек Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан ортағасырлық Ақтөбеқаласынан оңтүстікте 5,5 км жерде. Оны 1980 жылы ҚазҰУ-дің археологиялық тобы (жетекшісі М.Елеуов) тауып, зерттеген. Қазіргі диаметрі 35 м, биіктігі 3 м. Айналасында ені 8 - 10 м, тереңдігі 0,3 - 0,5 м ор сақталған. Төбенің солтүстік-шығыс жағына таман ұзындығы 14 м, ені 8 м, тереңдігі 8 м шұңқыр орны бар. Жинастырылған құм, құмыра, т.б. ыдыс қалдықтары Қамысбектің 10 - 12 ғасырларда пайдаланылғанын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}