Қамысбай қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қамысбай қорымы - ескі бейіттер. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14–15 км жерде орналасқан. Оны алғаш 1951 жылы Қазақстан ғылым академиясының археолог экспедиция (жетекшісі М.Меңдіқұлов) зерттеді. Қамысбай қорымы күмбезді мазарлар, сағана тамдар, құлпытастар мен қойтастардан тұрады. Қорымның ерте архитектура құрылыстары 19 ғасырдың 1-жартысында салынған. Олар қорымның солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Қалған ескерткіштер 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың бас кезімен мерзімделеді. Қамысбай қорымындағы ескерткіштерге салынған өсімдік өркендері мен әр алуан заттардың бейнелері, түрлі бедерлер тас қашау ісінің шеберлігін көрсетеді. Қазіргі таңда Қамысбай қорымы ашық аспан астындағы халық архитектурасының мұражайы ретінде ерекше бағаланады.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қамысбай қорымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}