Қалы Байымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалы Байымбетов (1937 жыыл туған, Созақ ауданы, Калинин атындағы кеңшар) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1967). Еңбек жолын Калинин атындағы ұжымшарда шопан болып бастады. Есімі «Қазақ КСР-нің Алтын кітабына» жазылған (1964). 1987 – 1993 жылдары кеңшарда егін шаруашылығымен айналысып, зейнеткерлікке шықты. Мал шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері» құрметті атағы берілді. 2 Ленин (1964, 1975), Еңбек Қызыл Ту (1971, 1977) ордендерімен марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />