Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов (1957 жылдың 18 мамырында Алматы облысы, Іле ауданының Байсерке ауылында дүниеге келген) - Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі. Полиция генерал-лейтенанты<ref>Указ Президента Республики Казахстан от 12 желтоқсан 2011 ж. № 194 «О присвоении Касымову К. Н. специального звания генерал-лейтенант полиции»</ref>.

Биографиясы

Отбасы

Үйленген, үш баласы бар, екі немере тәрбиелейді.

Білімі

Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-лейтенанты

Қызмет жолы

1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.

07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.

12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.

06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы <ref>Назначен новый начальник ДВД ВКО</ref>.

12.04.2011 бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі <ref> «Қ. Н. Қасымовты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 26 Жарлығы</ref>.

Марапаттары

  • 2-ші дәрежелі «Данқ» ордені,
  • «Астана» медалі
  • "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін",
  • "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін",
  • "Қазақстан Конституциясына 10 жыл",
  • "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері",
  • "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медалі,
  • «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»

Отбасы бар, үш бала тәрбиелеуде, жеті немересі бар.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр) Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014)