Қали Әміржан Омарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қали Әміржан Омарұлы1935 жылы 10 қаңтарда Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы "Бозтөбе" ауылында туған. 1954 жылы Қостанай қаласындағы Жамбыл атындағы (қазір Ыбырай Алтынсарин атында) орта мектепті бітіргеннен соң, 1954—1957 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында Отан алдындағы парызын өтеп келеді. 1958—1963 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультеті журналистика бөлімінде оқиды. Оны оқып жүріп, бітіргеннен соң "Социалистік Қазақстан" газетінде (казіргі "Егемен Қазақстан" газеті) әуелі корректор, кейін хабар бөлімінің әдеби қызметкері <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1965—1972 жылдар аралығында "Қазақстан пионері" (қазіргі "Үлан") республикалық балалар газеті редакциясында әуелі бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы. 1973 жылы Республикалық теледидар және радио хабарларын тарату комитетіне "Қазақстан" радиотеатры редакциясында аға редактор, редакция меңгерушісі.

1973—1978 жылдары Алматы облыстық газетінде насихат бөлімінде аға әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары. 1978 жылдан 1995 жылы зейнеткерлікке шықканға дейін республикалық "Қазақстан" баспасына қарасты "Қазақ календары" редакциясында бас редактор, "Жалын", "Балауса" баспаларында қоғамдық әдебиеттер, аударма редакцияларының бөлім меңгерушісі.

1995—2005 жылдары Қазақстан Экономика министрлігінде басқарма бастығының орынбасары — аударма бөлімінің бастығы, министрлік Астанаға ауысқаннан кейін Қазақстан мемлекеттік орталық мұражайында, Алматы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармада — аудармашы.

Ә.Қали — әлі де еңбектен қол үзбей "Қазақ күнтізбесін" құрастырумен айналысады. Ол Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1975), Баспа ісінің үздігі.

Шығармалары: "Немере " (әңгімелер жинағы), "Жалын", 1972, "Серік және оның командасы ", "Жалын ", 1975.

Аудармалары: Л.Пантелеев. "Уәде" (әңгімелер); алғашқы ерлік (әңгіме); "Көңілді трамвай" (повесть және әңгімелер); "Қызыл галстук" жинақ; А.Балақаев. "Үш сурет" повесть; (К,. Толыбаевпен бірге); К.Д.Ушинский. "Таңғы сәулелер" әңгімелер жинағы; Д.Гранин. "Таразыға түскен тағдыр" әңгіме; В.Распутин. "Ой, жаным-ай" әңгіме; Ж.Трофимов, Ж.Миндубаев. "Өнегелі өмір сериясы ". Илья Николаевич Ульянов. Өмірбаяндық повесть; Эмилио Сальгари. Карфагеннің күйреуі. Капитан Темпеста. Фараонның тағы. Романдар жинағы; т.б.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}