Қали Әлібекұлы Аманбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қали Әлібекұлы Аманбаев - (1930-2005), партия қызметкері, тарих ғылымының кандидаты (1971). Қарқаралының түлегі. Ленинград мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1941 жылы ішкі істер бөліміңде бастаған.

  • 1942-1950 жылдары Кеңес Қарулы күштерінің қатарында болған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 240-истребитель ұшағының полкі құрамында

Курск иініндегі операцияға қатысқан.

  • 1950-53 жылдары Қарағанды тау-кен техникумы директорының орынбасары, қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мектеп және жоғары оку орындары бөлімінің меңгерушісі болып, 1958 жылы жаңадан ұйымдастырылған Қарағанды облыстық телевизия студиясын басқарды.
  • 1974-1987 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, облкомнын хатшысы қызметтерін атқарды. II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет Белгісі», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «КСРО құрметті радисі», «Қарағанды. Қарағанды облысы» (1986) энциклопедиясын дайындайтын жұмыс тобына жетекшілік еткен.
  • 1990 ж. ардагерлер қозғалысының белсенді ұйымдастырушысы болып, 14 жыл бойы ардагерлердің облыстық кеңесін басқарды. Кейіннен құрметті төрағасы. «Действенное средство идеологической работы» (1981), «Жизнь, отданная Отчизне» (2004) кітаптарының авторы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}