Қалдыбай Пірәлиев Жайлауұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалдыбай Пірәлиев Жайлауұлы (29.6.1941 жылдары туған, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы ) – ғалым, химия ғылым докторы (1991), профессор (1992), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994). Қазақстан Республикасы ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (2003) және академиясы қаласы И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың (2000) лауреаты. Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ) химия факултетін бітірген (1965). 1965 – 94 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Химия ғылымдары институтының органикалық синтез лабораториясының инженері, кіші, аға, жетекші ғылым қызметкері, лаборатория жетекшісі болып істеді. 1994 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлгінің Химия ғылымдары институты директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары және дәрілік заттар химиясы лабораториясының жетекшісі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Фармакопеялық комитетінің мүшесі, Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, республика іргелі зерттеулер кеңесінің мүшесі. Республикада тұңғыш рет депрессияға қарсы жартылай синтетикалық дәрілік зат – цефедрин өндіру мен медицинада қолдануды іске асырған. «КСРО өнертапқышы» белгісімен марапатталған (1990). «AAPS» Америка фармацевтика ғалымдары Ассоциациясының мүшесі (1997). Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік ғылым стипендиясының жеңімпазы (1997). Соңғы жылдары Америка азаматтық зерттеулер және даму қорының (CRDF) 3 гранты, АҚШ-тың Оклахома және Нью-Йорк университеті , ІNTAS гранты бойынша Бельгияның Гент университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Жаңа дәуірлік заттарды іздестіру және өндіріске енгізу жолындағы жетістіктері үшін Америка фармацевтика ғалымдарының Ассоциациясына мүшелікке қабылданған. Халықараралық Ғылыми-Техникалық Орталық грантының жеңімпазы. 600-ден аса ғылыми еңбектері (соның ішінде 119 КСРО авторлық куәлігі мен Қазақстан Республикасы патенті, 8 шет ел патенттері) жарияланған.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалдыбай Пірәлиев Жайлауұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}