Қайыр Оразғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1962 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында туған. ҚР Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР (КСРО) Суретшілер одағының мүшесі (1989). 1988 жылы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірді. 1989-1999 жылдар аралығында осы институтта сабақ берді. Қайыр көптеген республикалық, халықаралық көрмелерге, симпозиумдарға қатысқан: 2003 ж.-халықаралық «Висісіу Веа㧻 («Биші аю») симпозиумы (Берлин, Германия), 2004 жылы Гонконгта, 2004-05 жж., Стамбул, Токио, Сеул, 2006 ж., Сидней, Берлин, Вена қалаларында өткен халықаралық көрмелер, т.б. Қ.Оразғалиевтың көптеген жұмыстары ҚР түрлі музейлері мен заманауи галереяларында, көрме дирекциясында (Алматы), ҚР Президентінің резиденциясында (Астана), Швеция, Швейцария, Чехия мен Словакия, АҚІН, Германия мемлекеттеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы тұр. ҚР Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы.

Әдебиет

Балмолдин М. Рух сәулесі// Орал өнірі.-2007.- 1 қараша. -8б.

Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -118б.