Қайыржан Махметұлы Махмутов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайыржан Махметұлы Махмутов - 1936 жылы 12 желтоқсанда Гурьев облысы Новобогат ауданы Забурунье ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Ерғалиев Махмет, марқұм, Забурунье және Айбас ауылдық Кеңестер төрағасы болған, Новобогат аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. Анасы - Ерғалиева ұлболсын, марқұм, үй шаруасында болған. Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1973), тарих пәні оқытушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1953 жылдан - Гурьев қаласы обаға қарсы стансасында техник-дератизатор. 1954 жылдан - Қазақ драма театрында драма актері, директордың орынбасары. 1968 жылдан - Гурьев филармониясының әртісі; «Атырау - Жайық» (Гурьев филармониясында), «Гүлдерайым» Орал филармониясы, «Орал - сазы» және «Тамаша ойын сауық отауы» ұжымдарын ұйымдастырушы және жетекші. 1992 жылдан - Д. Нұрпейісова атындағы оркестрдің реттеуші-директоры. 1993 жылдан бері - Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының актері. «Күнде мейрам, күнде той» (Шорабай), «Қызбике мен Алдар көсе» (Шығайбай), «Бейбарыс» (Аға Шахин) қойылымдарындағы барлығы 100-ге тарта рөлдерде ойнаған. «Есірген - Ерке» (Доскен), «Махаббаттаңы» (Мурат), «Исатай - Махамбет» (Гекке), «Көңілдестер» (Дәурен), «Еңлік-Кебек» (Жапал) кинофильмдерінде рөлдер ойнаған. «Ауыл мәдениетін қамқорлыққа алу үздігі» (1975), «Мәдениет қайраткері» (2001) белгілерінің, «Ерен еңбөгі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100-жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - аға лейтенант. Діни көзқарасы - дінге сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеуші». Хоббиі - кітаптар, музыка. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Қасымова Кәмеш (1937 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub