Қайып Азанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азанбаев Қайып (1939 жылы Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылында туды) – мұнайшы.

  • 1971 жылы Саратов политехника техникумын бітірген.
  • 19611964 жылдары Жетібай, Теңге, Өзен кен орындарында мұнайшы.
  • 19731976 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» барлау экспедициясының РИТС-1-де партия ұйымының хатшысы.
  • 1995 – 98 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Жетібай кен орнында оператор, технолог болды. Геологиялық барлау саласында Түпқараған түбегінің, Түбіжік, Жаңбыршы, Бозащы түбегінің, Қызан, Қошақ кен орындарының, Жетібай, Қарамандыбас, Асар, Тасболат, Қаламқас, Қаражамбас, Өліқолтық, Терешкова, Айыршағыл, Арыстан, Солт. Үстірт, Ақсексеуіл алаңдарын бұрғылап, мұнай мен газ кен орындарын ашуға тікелей ат салысты. Көп жылдар бойы геологиялық барлау, бұрғылау және мұнай алаңдарын ашудағы еңбегі үшін «КСРО Жер қойнауын барлау үздігі», «Геология, мұнай-газ барлау саласындағы еңбегі үшін» ескерткіш-белгісі, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}