Қайрат Қуатұлы Әбусейітов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайрат Қуатұлы Әбусейітов - Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, дипломат.

Өмірбаяны

Әбусейітов Қайрат Қуатұлы 1955 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірді. Тарих ғылымдарының кандидаты. Доцент <ref> ӘБУСЕЙІТОВ ҚАЙРАТ ҚУАТҰЛЫ </ref>.

1985 - 1989 жылдары - ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, декан орынбасары.

1989 - 1992 жылдары - Алматылық жоғарғы партиялық мектеп, кейін Алматы политология және басқару институты әлемдік саясат және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті.

1992 - 1993 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының басшысы.

1993 - 1996 жылдары - ҚР СІМ Орталық аппаратында жауапты дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды.

1996 - 1998 жылдары - Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесшісі.

1998 - 1999 жылдары - ҚР СІМ Бірінші департамент директорының орынбасары, Бірінші департаменттің директоры, Жан жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

1999 - 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2002 - 2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер 1-вице-министрі.

2004 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцар Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Үкіметінің БҰҰ Бөлімшесі және Женева қаласында орналасқан басқа халықаралық ұйымдар жаңындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы

2008 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі.


2014 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Дереккөздер

<references/>