Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

Қысқаша өмірбаяны

1957 ж. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туған.

  • Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институттарын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар станциясының локомотив депосында слесар болудан бастаған.
  • 1982—88 жж. Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді.
  • 1998—2002 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік Кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды.

Соңғы уақытта Павлодар қаласының әкімі болды.

  • 2003 ж. маусымынан Павлодар облысының әкімі.
  • 2008 ж. қазанның 13 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
  • 24.08.2009 - шілде 2011 - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы.

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені (2005);
  • "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалі;
  • "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі;
  • "Астанаға 10 жыл" медалі (2008).

Хоббиі

Үй жағдайы

  • Үйленген. Жұбайы - Нұрпейісова Любовь Ивановна (1960 жылы туған). Қыздары - Нұрпейісова Айгүл Қайратқызы (1987 жылы туған), Нұрпейісова Әсем Қайратқызы (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>