Қазтай Айтазин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазтай Айтазин (2. 9. 1939 жылы туған„ Ақтөбе облысы , Ырғыз ауданы ) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1974), доцент.

ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірген (1960). 1960-1968 ж. ҚР Ұлттық ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер. 1968-1971 ж. осы институтта аспирантурада оқыды. 1971-1989 ж. Алматы педагогикалық шет тілдер институтының қазақ тілі мен жалпы тіл білімі кафедрасында оқытушы, доцент. 1989 жылдан Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен "Қазақстан балық шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылым мақалалар жазды. Қазақ тілі диалектологиясының сөздігін жасауға қатысты. Қазір кәсіби лексика мәселесімен шұғылданып жүр.

Шығармалары:

  • Профессиональная лексика рыбного хозяйства Казахстана. АКД., А., 1973; Кдзак тілінің диапектологиялык сөздігі. А., 1969.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}