Қазақ халқының 1000 әні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ халқының 1000 Әні – музыкалық-этнографиялық жинақ.


Оған енген халық мұраларын А.В.Затаевич 1920–1924 жылы аралығында жинап, нотаға түсірген.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

1925 жылы 1-басылымы Орынбор, 1963 жылы 2-толықтырылған басылымы Мәскеу қалаларында (Музгиз) жарық көрген. Соңғысына Қазақстан ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары араласып, көптеген әндердің мәтіндерін қалпына келтірген. 1-басылымына А.Д.Кастальский мен Затаевич алғы сөз жазса, соңғысына Б.Г.Ерзаковичтің кіріспесі қосылған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Кітап соңына қосымшалар, көрсеткіштер, ән мәтіндері, олардың аудармалары, түсініктер берілген. Жинақта қазақтың халық әндерімен қатар Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, т.б. көптеген белгілі ақын-композиторлардың елге танымал әндері алғаш нотаға түсірілген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>


Жинақ тек қана ән үлгілерімен шектелмейді. Оған С.Сейфуллиннің орындауындағы «Тоқа», «Терісқақпай» күйлері, сондай-ақ «Ілме күй», «Боғда», «Қос алқа», «Мерген күй», «Ақсақ құлан», «Тепеңкөк», қобызға арналған «Ащы көл», «Қазақтың әскери маршы», «Итерме», «Сары бақсы», т.б. күйлер де енген. Қазақ ән-күйлерінің сарқылмас қазынасы саналатын «Қазақ халқының 1000 әні.» – дүниежүзілік маңызы бар кітап. Онымен кезінде француз жазушысы әрі музыка зерттеушісі Р.Роллан, М.Горький, т.б. танысып, аса жоғары бағалаған. Н.Мясковский, С.Прокофьев, С.Василенко, М.Штейнберг, В.Власов, т.б. композиторлар ондағы әндерді өз шығармаларында пайдаланған. Барлығы 23 күй, 977 ән енген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті