Қазақ советтік социалистік республикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ советтік социалистік республикасы – энциклопедиялық анықтамалық. 1980 жылы “Қазақ энциклопедиясының” бас редакциясы әзірлеп, баспадан шығарған. 1981 жылы орыс тіліндегі нұсқасы жарық көрді. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Кітап Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК-ніңҚырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декретінің қазақша мәтінімен ашылып, республиканың мемлекеттік рәміздері – гербі мен туының суреттері, ҚКСР-дің мемлекеттік гимнінің мәтіні, ҚКСР Конституциясының толық мәтіні берілген.

Бұл күрделі еңбек Қазақстанның қоғамдық-мемлекеттік құрылымынан бастап, елдің табиғаты мен қазба байлықтарын, оның көне замандардан бергі тарихын, партия, кеңес, т.б. қоғамдық ұйымдарын, халық шаруашылығының қалыптасу, даму және өркендеу жолдарын, мәдени құрылысы мен ғылымының, әдебиет пен өнерінің қол жеткізген табыстарын жан-жақты талдап, қорытындылаған зерттеу очерктерден құрастырылған. Сонымен қатар республика астанасы – Алматы қаласы мен барлық облыстардың мәдени-шаруашылық өміріне қысқаша шолу жасалады.

Анықтаманың соңында Қазақстан Компартиясы мен ҚКСР-ның жоғарғы басшы органдарының құрамы мен әліппелік ретпен осы кезеңдегі жауапты басшы қызметкерлер өмірлерінен деректер берілген. Республиканың мемлекеттік сыйлықтары мен құрметті атақтары туралы ресми материалдар бар. Кітап түрлі-түсті суреттермен, фотолармен, карталармен, диаграммалармен көркем безендірілген.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ советтік социалистік республикасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

mk:Казашка ССР