Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1959 жылы 10 сәуірде құрылды.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

  1. биотехнология әдістерін пайдаланып, шаруашылық тұрғысынан бағалы сапалары мол жеміс-жидек дақылдары мен жүзім сорттарын дайындау;
  2. жоғары сапалы вируссыз таза сұрыпты көшет өсіру технологиясын жасау, тез жеміс беретін аласа ағашты бақтар өсіру үшін телітушілер мен сұрыптық телітуші комбинацияларды іріктеу;
  3. еңбек шығындарын азайтып, өнім түсімін көбейту тұрғысынан тұқымды, сүйекті және жидекті дақылдарды өсіру технологиясын дамыту;
  4. еңбек ресурстары көп жұмсалатын процестерді механикаландыру әдістерін іздестіру, өсімдіктерді суғару мен қорғау технологиясы;
  5. техногендік әрекеттерден ласталған және сортаң жерлерді суландыру әдістерін, жеміс-жидек дақылдары мен жүзім тыңайтқыштары жүйесін, өсу реттеуіштерін пайдалану әдістерін іздестіру;
  6. тамақ өнімдері өндірісінің (шарап жасау, консервілеу, спирт жасау, биотехнология және т.б.) жаңа технологиясы мен жабдықтарын жасау;
  7. жемістер мен жүзімді ұзақ уақыт сақтау әдістері мен тәсілдерін табу мен жетілдіру.
</li>

Кейінгі жылдары институтта 133 адам, соның ішінде 102 ғылыми қызметкер, 5 ғылым доктор, 35 ғылыми кандидаттары жұмыс істеді. Институт ғалымдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында ұштары будандастырылған алма ағаштары тығыз егілген бақ өсіру бойынша ұсыныстар дайындады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ергежейлі алма ағашының АРМ-18 және 62–396 будандары анықталып, аудандастырылған. Бақтар мен жидек танаптарында тыңайтқыштарды пайдалану бойынша ұсыныстар жасалды. Көгал-бақ типі бойынша жидек өсіру технологиясы – өте тығыз егіп, өніммен қоса өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігін түгелдей отау әдісі дамытылды. Жүзім өсірудің үнемді технологиясы табылды. Қазақстанда қарақат пен таңқурайдың сау көшеттерін өсіру технологиясы игерілді. Жабық жерде өсірілетін жүзім дақылын егу технологиясы, оны бір-бірлеп отырғызған кезде бұталарды машинамен сұлбалы кесу технологиясы жасалды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жүзімді аурудан, зиянкестер мен арамшөптерден қорғау бойынша ұсыныстар жасалды. Институтта 3 ғылыми мамандықтар бойынша аспирантура мен докторантура бар, 5 ғыл. докт. және 16 ғылыми кандидаттары даярланды. Институт ғалымдарының 4 авторлық куәліктері бар, 8 ғылыми еңбектер жинағы, 8 монография және 223 мақала жарық көрді. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Пайдаланған әдBold textебиет

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}