Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтыҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында; ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зертеулер жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. 1948 ж. Алматы қаласында құрылған.

1978 ж. қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік зертеулер беріліп, «Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру» ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт құрамында: * ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру* қой шарушылығы процестерін механикаландыру* мал фермаларын жобалау* жемшөп дайындау және шабындықты механикаландыру* ауыл шаруашылығында электр қуатын пайдалану* ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудан кейінгі өңдеуді механикаландыру* табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану* ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу* ауыл шаруашылығы машиналарын сынақтан өткізу зертханаларын және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех* сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік зуыт бар (2008). 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіруде жаңа технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту. Институтта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды, дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың машиналы технологиялары ұсынылды. Қой шаруашылығындағы өндірістік процестерді жабдықтау, технология процестерде электр қуатын кеңінен пайдалану жұмыстары табысты жүргізілді. Жер өңдеу механикасының теориялық негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған, мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақ КСР-інің «Алтын кітабына» жазылған (1976). Институт мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәліктер, 25 Қазақстан Республикасы патенттері берілді. Институт ғалымдарының 30-ға тарта ғыл. басылымдары, 50-ден аса ұсыныстары, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіруге арналған 20 ғыл. жинақтары жарық көрді.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}