Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институты 1948 жылы 24 мамырда құрылды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жұмыстарына арнап машиналар жүйесін, технологиялар мен теханикалық құралдар жасау; тех. қызмет көрсету мен техникаларды пайдалануды ұйымдастыруды ғылыми негіздеу; жем өндірісі мен жем дайындау үшін тех. құралдар жасау; электрмен, сондай-ақ жылумен қамтамасыз ететін жабдықтар, жел және гелиоэлектрлік құрылғылар жасау; ауыл шаруашылығын механикаландыру жұмыстарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Соңғы жылдары институтта барлығы 133 адам қызмет істеді. Оның ішінде 59 ғылыми қызметкер, Қазақстан ҰҒА-ның 2 акад., 2 корр. мүшесі, 6 ғылыми докт., 24 ғылыми кандидаты бар. Өндіріске институт ғалымдарының 57 ұсынысы енгізілді. Институттағы докторантура мен аспирантурада 5 ғылыми докт. мен 24 ғылыми канд. даярланды. Институт ғалымдары еңбектерінің нәтижелері 8 монография мен 290 ғылыми мақалада көрініс тапты.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}