Қазақ ССР Ғылым Академиясы (деректі-хроникалық фильм)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ КСР Ғылым Академиясы - деректі-хроникалық фильм. 1947 жылы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясында түсірілген. Фильм сценарийінің авторы: А.Братин мен В.Шелепень; кинорежиссері Шелепень; кинооператорлары Г.Новожилов пен Н.Кононов. Фильмде Қазақстан Ғылым Академиясының ашылуы, академия бөлімшелері, зертханалары, ұйымдасуына арналған алғашқы сессиясы, туысқан республикалар мен шетел, тағы басқалары ғылым мекемелердің ғалымдары арасындағы ғылыми байланыстар жайында сөз болады. «Қазақ КСР Ғылым Академиясы» кино кадрларында республиканың үкімет басшылары, қазақстандық көрнекті ғалымдар: геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың, академик-жазушы М. О .Әуезовтің, композитор-музыкатанушы А.Қ.Жұбановтың, мал шаруашылығы ғалымы В.А.Бальмонттың, астрономдар Г.А.Тихов пен В.Г.Фесенковтың, биолог Н.О. Базанованың және тағы басқалары ғалымдардың зертханадағы, бөлмедегі, тағы басқалары ғылыми жұмыс жүргізу кезіндегі сәттері бейнеленген.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ ССР Ғылым Академиясы (деректі-хроникалық фильм)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}