Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы - құрметті атақ.

Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ең кемі 10 жыл мінсіз жұмыс істеген, өндіріске ғылымның, жаңа техниканың жетістіктерін, еңбектің озық әдістерін енгізу негізінде өндірістік тапсырмаларды орындауда, еңбек өнімділігін арттыруда, құрылыстың сапасын жақсартып, оның құнын кемітуде және құрылыс материалының өзіндік құнын кемітуде табыстарға ие болған құрылыс ұйымдарының бөлшектерін жасайтын кәсіпорындардың қызметкерлеріне беріледі. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 13.08.1960 ж. бекітілген. Бұл атаққа 1050 адам ие болған (1987), оның ішінде 14-і архитектор.<ref>Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев; Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер