Қазақ Интернеті қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі (ары қарай ҚБ) 2005 жылы 22 маусымда ашылған. Негізгі мақсаты қазақтілді Интернет-кеңістік қалыптастыру болып табылады. ҚБ басшысы Серікқазы Көкенайұлы Кәкібаланов. 2006 жылы ана тіліміздегі алғашқы интернет-басылымдардың бірі «Қазақ» интернет-газеті (www.qazaq.kz), тұңғыш қазақша пошталық сервер мен іздеу жүйесін ашып іске қосты. ҚБ ашылғаннан бері оның мүшелері тарапынан ана тіліміздегі ғаламторды дамыту мақсатында 100-ден астам сайт жасалды.