Қазақстан композиторлар одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан композиторлар Одағы - республика композиторлары мен музыкатанушыларының ерікті шығармашылық одағы. Негізгі мақсаты - одақ мүшелерінің идеялық, кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ету; ұлттық, классикалық және осы заманғы музыка өнерінің озық дәстүрлерін дамытып, насихаттау. 1939 жылы 3 қарашада ұйымдастыру комитеті ретінде құрылды, 1957 жылдан Қазақстан Композиторлар Одағы деп аталды. Басшы органы - съезд, ал съездер аралығында басқарма, 1-съезі 1948 жылы, одан кейінгі кезекті съездері 1955, 1962, 1968, 1973, 1978 және 1983 жылдары өтті. Басқарманың алғашқы төрағалары: Е.Г. Брусиловский (1948 - 1953), М.Төлебаев (1953 - 55, 1959 - 60). 1997 жылы Қазақстан Композиторлар Одағы 9-съезі өтті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}