Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіҚазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.<ref>Әділет министрлігі туралы мағлұмат</ref>

Тарихы

1920 жылы ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 жылы 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 жылы 26 наурызда таратылды. 1970 жылы 25 қыркүйекте қайта құрылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Әлеуметтік-мәдени құрылысты басқару органдары, әкімшілік-саяси органдары және Қазақстан Республикасының құқықтық сот органдары (1937-1977 жж.), 2-т., З-б., Алматы, 1992, 143-145 6. 1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 641-648 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref>

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 30 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы № 151 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 4-5, 45-бап).</ref> министрліктің «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет» құрылды. Министрлік туралы ережеге қосымша енгізілді: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.

ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылы 29 наурыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы № 411 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 12, 139-бап).</ref> министрліктің «Интеллектуалды меншік қүқықтары жөніндегі комитеті» құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің орнына министрлік ведомстволарының қатарына Интеллектуалды меншік құқықтары жөніндегі комитеті енгізілді.

ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына<ref name="ReferenceA"/> сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылы 14 сәуірдегі қаулысымен<ref> "Қазақстан Республнкасының Әділет министрлігі Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 жылы 14 сәуірдегі № 494 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ, 2001, № 14, 174-бап)</ref> министрліктің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылды, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшіліктеу жөніндегі комитетіне және оның Астана, Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.

Осыған сәйкес министрлік туралыы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік ведомстволарының қатарынан Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті шығарылды. Министрліктің негізгі міндеттерінен сот приставтары мен орындаушыларының қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сот қаулыларының атқарылуын қамтамасыз ету міндеттері шығарылды.

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 2 қарашадағы қаулысымен<ref>"Мүліктерді бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 қарашадағы № 1389 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 39, 490-бап).</ref> министрліктің лицензиялауға қатысты міндеті басқа редакцияда мазмұндалды: нотариалдық және адвокаттық қызметті, соттық-сараптау қызметін және оның құзіретіне жатқызылған қызметтің барлық түрлерін лицензиялау.

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 28 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1750 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 588-бап).</ref> министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша енгізілді: қаржы лизингі шарттарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласындағы бақылау және қадағалау функцияларыын жүзеге асыру.

КР Үкіметінің 2001 жылы 28 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап).</ref> министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік ведомстволарының қатарына қосымша қылмыстық - атқару жүйелері комитеті енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне де қылмыстық жазаларды орындау жатқызылды.

ҚР Үкіметінің 2002 жылы 23 сәуірдегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы № 223 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 23 сәуірдегі № 461 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 12, 122-бап).</ref> министрлік туралы ережеге министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен толықтыру енгізілді.

ҚР Үкіметінің 2002 жылы 22 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы № 223 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 тамыздағы № 939 қаулы- сы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 316-бап).</ref> министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрліктің негізгі міндеттерінен заңнаманы кодтау шығарылды; нормативтік құқықтық кесімдерді құқықтық сараптау нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын заңды сараптаумен ауыстырылды; министрліктің негізгі міндеттері заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері жөніндегі өндірісті жүзеге асыру, сондай-ақ соттық-сараптау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру міндеттерімен толықтырылды.

ҚР Президентінің 2003 жылы 23 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> министрлік қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2003 жылы 31 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 49, 566-бап).</ref> министрліктің мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары (әділет басқармалары) министрліктің Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 3 наурыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №11, 138-бап).</ref> министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 532-бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа қүқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.

Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттік қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті.

Министрлік, оның органдары және ведомстволық ұйымдары әділет органдарының біртұтас жүйесін құрады.

ҚР Үкіметінің 2005 жылы 8 ақпандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерін құру туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 8 ақпандағы № 120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, №7, 66-бап).</ref> министрліктің аудандарда, қалаларда және қала аудандарында мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге министрліктің осы аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен өзгерту енгізілді.

ҚР Үкіметінің 2005 жылы 30 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 50, 648-бап).</ref> ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды, ереже және оның құрылымы бекітілді. Дін істері жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Міндеттері

Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру.

Құрылымы

  • Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменті
  • Стратегиялық талдау және ұйымдастыру-талдау департаменті
  • Заңнама департаменті
  • Заңға тәуелді актілер департаменті
  • Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті
  • Мемлекеттік мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті
  • Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті
  • Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті
  • Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті
  • Зияткерлік меншік құқығы департаменті
  • Сот актілерін орындау департаменті
  • Экономика және қаржы департаменті
  • Ішкі әкімшілік департаменті
  • Кадр қызметі департаменті
  • Ішкі бақылау басқармасы
  • Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы
  • Ақпараттық ресурстарды қорғау және ақпараттандыру басқармасы

Әділет министрлері

Кеңестік кезең

Аты-жөні Қызметінің басталуы мен аяқталу мерзімі
1 Шашан Оразбаев 19391943
2 Мырзақадыр Нұрбаев 19431952
3 Қылышбай Сұлтанов 19521960
4 Бекайдар Жүсіпов 1970қыркүйек 1984
5 Долда Досполов қыркүйек 1984мамыр 1990

Тәуелсіздік кезеңі

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап министрлікті 9 адам басқарған.

Аты-жөні Қызметінің басталуы мен аяқталу мерзімі
1 Ғалихан Ержанов мамыр 1990маусым 1993
2 Нағашыбай Шайкенов маусым 1993қазан 1995
3 Константин Колпаков қазан 1995қазан 1997
4 Бауыржан Мұхаметжанов қазан 1997қыркүйек 2000
5 Игорь Рогов қыркүйек 200029 қаңтар 2002
6 Георгий Ким 29 қаңтар 2002ақпан 2003
7 Оңалсын Жұмабеков ақпан 2003сәуір 2005
8 Зағипа Бәлиева сәуір 20052 сәуір 2009
9 Рашид Түсіпбеков сәуір 2009қаңтар 2012
10 Берік Имашев қаңтар 2012 — қазірге дейін

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері