Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіҚазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрліктің негізгі міндеттері бюджеттiң атқарылуы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, республикалық бюджеттің және оның құзыретіне жатқызылған жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, республикалық меншікті басқару сферасында, сондай-ақ банкроттық сферасында (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету, сонымен қатар салалық саясат пен кедендік іс саласындағы саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға басшылық ету және салааралық үйлестiру болатын орталық атқарушы орган болып табылады.

Тарихы

1920 жылы қазанда Қазақ КСР Қаржы халық комиссариаты ретінде құрылды.<ref>Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Қазақ КСР халық шаруашылығын басқару органдарын қара (1920-1936 жж.), Алматы, 1981, 36-6.</ref>

1946 жылдан — Қазақ КСР Қаржы министрлігі.<ref>1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 384-398 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref>

ҚР Республикасы Президентінің 2000 жылы 13 желтоқсандағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, №52-53, 589-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы № 87 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1 - 2 , 22-бап).</ref> министрліктің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті құрылды. Комитет мемлекеттік сатып алулар үрдісін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылатындығы белгіленді. Министрлік ведомстволарының қатарына Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай саясатын жүргізуді, оларды үйлестіруді және мемлекеттік сатып алулар үрдісі мониторингін ұйымдастыру міндеті жатқызылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №28, 307-бап).</ref> министрлік ҚР Қаржы министрлігі мен «ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігіне» бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері «ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» берілді. ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі де ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның мемлекеттік кірісті жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, кеден істері — ҚР кедендік бақылау агенттігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі № 962 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 322-бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді, сондай-ақ министрліктің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті мен Салық комитеті құрылды.

Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдаланылуын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратуды соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептілік аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.

Министрліктің мынадай ведомстволары болды: Қазынашылық комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржы бақылау комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; салықтардың, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің ҚР Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету; республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептілік және аудит жөніндегі әдіснамалық басшылық жасау; өз құзіреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынвщ тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау; мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру; мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау; алкаголь өнімдері мен этиль спиртінің өндірілуін және оның айналымын мемлекеттік реттеу; өз құзіреті шегінде ҚР экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру; министрліктің құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Министрлік пен оның ведомстволары, олардың аумақтық органдарын қоса алғанда ҚР Қаржы министрлігінің бірыңғай жүйесін құрады.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №28, 307-бап).</ref> сәйкес министрліктің Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті ҚР 2002 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі № 1031 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №30, 334-бап).</ref> таратылды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы қаулысымен<ref>Министрлігінің Акцизделетін өнім өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетін тарату турaлы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы № 72 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 2, 32-бап).</ref> ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнім өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті таратылды, оның этиль спирті мен алкаголъ өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Қаржы министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 39, 414-бап).</ref> министрліктің негізгі міндеттері мынадай болды: темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу; өз құзіреті шегінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 жөніндегі Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> министрлік қайта ұйымдастырылды, оның Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің экономика секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару өрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді. ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі және Кедендік бақылау агенттіктері де оларды ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1119 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 531-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді.

Министрлік оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында заңнамамен көзделген шекте басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлік мекемелері

  • Қазынашылық комитеті
  • Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
  • Қаржылық бақылау комитеті
  • Қаржы мониторинг комитеті
  • Мемлекеттік сатып алулар комитеті
  • Мемлекеттік кірістер комитеті

Министрлікті басқарғандар

Есімі Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты Суреті
1 Төлеубек Әбдіқадыров ақпан 1990қараша 1992
2 Еркешбай Дербісов қараша 1992қазан 1994
3 Александр Павлов қазан 1994ақпан 1998
4 Сауат Мыңбаев наурыз 1998наурыз 1999
5 Ораз Жандосов наурыз 1999
6 Мәжіт Есенбаев 1999қаңтар 2002
7 Александр Павлов 20022003
8 Ерболат Досаев 20035 сәуір 2004
9 Арман Дунаев 5 сәуір 200419 қаңтар 2006
10 Наталья Коржова 18 қаңтар 200614 қараша 2007
11 Болат Жәмішев 13 қараша 20076 қараша 2013
12 Бақыт Сұлтанов 6 қараша 2013 — қазіргі уақыт

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері