Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.
Мазмұны
Тарихы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылды.
Мекеменің басшысы болып Тамара Дүйсенова, ал бұрынғы министрдің басшысы Салидат Қайырбекова Бірінші вице-министрдің қызметі болып тағайындалды.<ref>Министрлік қысқаша мәлімет</ref>
Құрылымы
- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті
- Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
- Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
Министрліктің негізгі міндеттері
- Халықтың денсаулығын сақтау;
- Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу;
- Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
Министрлікті басқарғандар
№ | Есімі | Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты | Лауазымы |
1 | Ақсұлтан Аманбаев | 28 маусым 1991 — сәуір 1992 | Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі |
2 | Ақсұлтан Аманбаев | сәуір 1992 — сәуір 1992 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
3 | Василий Девятко | сәуір 1992 — қазан 1997 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
4 | Қырымбек Көшербаев | қазан 1997 — қаңтар 1999 | Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі |
5 | Қырымбек Көшербаев | қаңтар 1999 — қазан 1999 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі |
6 | Мария Омарова | қазан 1999 — тамыз 2000 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істер жөніндегі агентігінің басшысы |
7 | Жақсылық Досқалиев | тамыз 2000 — қазан 2001 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істер жөніндегі агентігінің басшысы |
8 | Жақсылық Досқалиев | қазан 2001 — 4 сәуір 2004 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
9 | Ерболат Досаев | 5 сәуір 2004 — 20 қыркүйек 2006 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
10 | Анатолий Дерновой | 20 қыркүйек 2006 — 20 қараша 2008 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
11 | Жақсылық Досқалиев | 20 қараша 2008 — 7 қазан 2010 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
12 | Салидат Қайырбекова | 7 қазан 2010 — 6 тамыз 2014 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
13 | Тамара Дүйсенова | 6 тамыз 2014 — осы уақыт | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |