Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.


Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.<ref name=" ҚР министрліктері">Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы № 235 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 49, 462-бап).</ref> ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды<ref>1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 536-537 б. (Құрастырушылардың ескертпелері)</ref>.

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы № 61 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 16-бап).</ref> ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті — ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді.

ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап)</ref> министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбады ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Құрылымы

Министрлікті басқарғандар

Есімі Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты Суреті
1 Ғалым Әбілсейітов 30 маусым 199211 қазан 1994
2 Владимир Школьник тамыз 1994қазан 1999
3 Қырымбек Көшербаев қазан 199918 желтоқсан 2000
4 Нұралы Бектұрғанов 18 желтоқсан 2000қаңтар 2002
5 Шәмша Беркімбаева қаңтар 200214 маусым 2003
6 Жақсыбек Құлекеев 14 маусым 200314 желтоқсан 2004
7 Бірғаным Әйтімова 14 желтоқсан 200419 қаңтар 2007
8 Жансейіт Түймебаев 19 қаңтар 200722 қыркүйек 2010
9 Бақытжан Жұмағұлов 22 қыркүйек 20102 қыркүйек 2013
10 Аслан Сәрінжіпов 2 қыркүйек 201310 ақпан 2016
11 Ерлан Сағадиев 10 ақпан 2016 — осы кезге дейін

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері