Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 261 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №11, 139-бап).</ref> құрылды. Оған таратылған ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттің есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 № 11, 138-бап).</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Ішкі істер министрлігі құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласында үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру; нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету; есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, прекурсорларға байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасындағы есірткі жағдайының жай-күйін және даму үрдісін талдау; нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы қызмет тәртібін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін әзірлеу; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы № 607 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 25, 311-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Ішкі істер министрлігі құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс- әрекеттерді мемлекеттік реттеу саласында үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың заңсыз айналымына қарсы іс- әрекет шараларын белгілеу болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; сауықтыру және ведомствоаралық үйлестіру басқармасы; ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету, лицензиялау және кадр жұмысы басқармасы; шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}