Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұражай

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіАстана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2 шілдеде ашылған мұражай<ref>Үлгі:Cite web</ref>. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Мұражай «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 675 Қаулысы шықты<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Елбасымыздың үкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып Дархан Қамзабекұлы Мыңбай тағайындалды.

Мұражай ғимараты

Мұражай ғимараты Тәуелсіздік алаңы маңындағы «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік сарайымен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Хазірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен үйлесім тапқан.

Музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 м2 жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 м2 асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде бірнеше зал бар Олар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы. Ұлттық қазынаны зерделеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан тұрады. Сондай-ақ балалар музейіне, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, қалпына келтіру шеберханасына, зертханаларға, кәсіби қор сақтауға, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, мәжіліс залы мен кәдесый дүңгіршектеріне арналған үй-жайлар көзделген.

Музей дүниежүзілік стандарттарға сәйкес жабдықтармен жарақтандырылған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: екі залға жұмыс істейтін арнайы контенті бар бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, толып жатқан медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылады.

Музейде экскурсиялардың алуан түрлері – шолу және тақырыптық, философиялық экскурсиялар, интерактивті сабақтар мен ойын экскурсиялары түрінде арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ұлттық музей заманауи санаткерлік мәдениет мекемесі болуға, Республиканың тарихи және мәдени мұрасын талдау, салыстыру, пайымдау, талқылау, ой-пікір айту және бағалау орнына айналуға тиіс. Осы заманғы музей – бұл келушілермен әрқашан да ашық бүкпесіз сұхбаттасу. Бұл музейде оның меймандарын тарихпен тілдесудің белсенді қатысушыларына айналдыруға қолдан келгеннің бәрі жасалған.<ref>http://astanamuseum.kz/index.php?lang=kk</ref>

Дереккөздер

<references/>