Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі (1999-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қүрылымын жетілдіру және олардың қүзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы № 235 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1999, N8 49, 462-бап).</ref> ҚР Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігінің, сондай-ақ ҚР Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды<ref>1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 544 б. (Қүрастырушылардың ескертпелері).</ref>.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 19 қарашадағы № 1755 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 қыркүйектегі № 953 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 38, 386-бап).</ref> агенттік туралы ережеге өзгерту енгізілді. Атап айтқанда, агенттіктің құқықтық мәртебесі айқындалған тармағы жаңа редакцияда мазмұндалды: агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, туризм, спорт және дене тәрбиесі саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамаға сәйкес мемлекеттік басқару, бақылау және үйлестіруді орындауға уәкілетті ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> агенттік ҚР Мәдениет министрлігімен бірге оларды ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды, туризмді дамыту функциясы ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}