Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаган ортаны қорғау министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаган ортаны қорғау министрлігі (1999-2002) ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінін құрылымы туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығы (Егемен Қазақстан, 1999 ж., 23 қаңтар). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мөліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 310-311 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңгардағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы № 51 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 14-бап).</ref> министрлік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: Геология және жер қойнауын қорғау комитеті министрлік ведомстволарының қатарынан шығарылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңгардағы № 133 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 3, 37-бап).</ref> ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру ша- ралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> министрлік ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды, су ресурстарын, орман, балық және аң шаруашылығы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қарашадағы № 1173 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 39, 398-бап).</ref> министрліктің қоршаған ортаны қорғау министрлігі таратылды. ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}