Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы.

Мемлекеттік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады.

Мемлекеттік хатшы қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.

Мемлекеттік хатшы өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда;
халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:
  • Адам құқықтары жөніндегі комиссияның,
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның,
  • Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,
  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,
  • Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның,
  • Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның;
  • Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін үйлестіреді;
  • Қазақстан Республикасында қоса атқарушы ретінде тіркелген шет мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Өкілеттігін іске асыру

  • өкімдер шығаруға;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;
  • Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының, Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;
  • өз құзыретіне жататын мәселер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
  • өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.

Мемлекеттік хатшының қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзгедей қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

Мемлекеттік хатшылар

Cілтеме

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ, 2007 жылғы 13 тамыз N 379

http://www.akorda.kz/kz/secretary_of_state/on_the_status_and_authorities_of_secretary_of_state/decree_of_the_president_of_the_republic_of_kazakhstan


Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}