Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (1998-2002) ҚР Президентінің 1998 ж. 12 қазандағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы" ҚР Президентінің 1998 ж. 12 қазандағы № 4114 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1998, № 35, 315-бап).</ref> қүрылды. Министрлікке ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің, Кеден комитетінің, Салық полициясы комитетінің, сондай-ақ ҚР Энергетика, иидустрия және сауда министрлігі Алкоголъді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің функциялары, мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктері берілді. ҚР Қаржы министрлігінің қарауынан ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің қарауына "Кәсіпорындарды қайта үйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігі" АҚ берілді<ref>2 Сонда. 1998-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 483-485 б. (Қүрасты- рушылардың ескертпелері).</ref>. ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасында қүқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап).</ref> ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті таратылды. Функциялары, мүлкі мен істері ҚР Қаржы полициясы агенттігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 ақпандағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 ақпандағы № 283 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 8, 83-бап).</ref> Салық полициясы комитеті министрлік ведомстволарының қатарынан шығарылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қарашадағы қаулысымен<ref>5 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкер- лермен жүмыс жөніндегі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қарашадағы № 1508 қаулысы (Ағымдағы мүрағат)</ref> министрліктің Дәрменсіз борышкерлермен жүмыс жөніндегі комитеті қүрылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>6 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> министрлік оны ҚР Қаржы министрлігіне қосу, мемлекеттік кірістерді жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, кеден ісін — ҚР Кедендік бақылау агенттігіне беру жолымен қайта үйымдастырылды. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}