Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі (2003-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі № 1189 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 37, 372-бап).</ref> ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, оны ҚР Мәдениет министрлігі және ҚР Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 1180 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 44, 480-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Ақпарат министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шекте ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылды.

Министрліктің негізгі міндеті мыналар болды: ҚР ақпараттық қауіпсіздігін өз құзіреті шегінде қамтамасыз ету және қорғау; бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру; отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына көмек көрсету; республиканың қоғамдық процестерін демократияландыру, қоғамдық-саяси күштерін топтастыру жөніндегі тұжырымдамалық негіздерді әзірлеу; кітап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары болды. Министрлік, оның аумақтық органдары және ведомстволық қарасты үйымдары министрліктің бірыңғай жүйесін құрады.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Ақпарат министрлігі және ҚР Туризм және спорт агенттігі оларды ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды, туризмді дамыту функциясы ҚР Индустрия және сауда министрлігіне, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциясы ҚР Білім және ғылым министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап).</ref> ҚР Ақпарат министрлігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері таратылды<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref> .

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}