Қазақстан-Қостанай (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания

Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді. Телестудияға «Кадр-103» бейнемагнитофондары, «Магнолия-83» ЖТС, АТК, «PANASONIC M-8000» телекамерасы сатып алынып, іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттар еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталып, облыста телевизия дүниеге келді. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиннің есімін атаған жөн.<ref>http://kostanaytv.kz/kz/category/channel</ref>

Тұнғыш төл телехабарды жасап, эфирге шығаруға кәсіптік шеберлігі мен шығармалық күш-қуатын жұмсаған журналистер Анатолий Гаврилов, Жанұзақ Аязбеков, Қайрат Мұқатов, инженерлер Анатолий Лукашкин, Юрий Смирнов, дикторлар Алла Ломова, Ляззат Жайынбаева және басқалар болды.

Қазір «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Қазақстан» РТРК» АҚ қоғамы филиалдарының арасындағы рейтингтік көрсеткіш бойынша алдыңғы бестікте тұрған ұжым.

Телехабар тарату: облыс бойынша «Кателко» жер серігі арқылы «Қазақстан» Ұлттық арнасында аптасына 5 рет (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) күніне 1 сағат, хабар беріледі. Қала бойынша – 28 ДЦМ жиілігінде тәулігіне 14 сағат «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының хабары эфирге шығады.

2010 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «ОтауТВ» спутнигі арқылы толық көлемде, 14 сағаттық телебағдарламалары ел аумағына таратылуда.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы