Қажымұқан Тохтиярұлы Арынов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қажымұқан Тохтиярұлы Арынов (1956 ж.т., Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995).
ҚазМУ-дың (1978, қазіргі ҚазҰУ) химия факультетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында аға зертханашы, ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Алматы-экологострой ғылыми-өндірістік басқармасы бас директорының 1-орынбасары болды. 1997 жылдан Алматы қаласының экология және биоресурстар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарады.
Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған. Арыновтың 150-ден астам еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрді.
Дереккөздер
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}