Қадыр Бияшұлы Бияшев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Қадыр Бияшұлы Бияшев (18 маусым 1939 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған) – қазақстандық ветеринариялық ғалым, Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. РФ Ветеринария ғылымы халықаралық академиясының академигі. Қазақ ұлттық аграрлық университетіінің профессоры. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері.

Биография

Білімі

Еңбек жолы

Ғылыми шығармашылығы

  • Профессор К.Бияшевтың 300-ден аса ғылыми-әдістемелік жұмысы жарияланып, 2 авторлық куәлігі (КСРО), Қазақстан Республикасының интеллектуалдық меншігі, Қазақстан институтынан 36 патенті бар. Ол Ресей ғалымдарымен бірлесе жануарлар қанының 60 метаболитінен толық анализ алуға мүмкіндігі бар «Метабол» компьютерлік бағдарламасын дайындады.
  • Профессор Қадыр Бияшұлы – Қазақстан ветеринария саласы, оның ішінде экологиялық таза жоғары тиімді вакцина және қан сарысуын жасау биотехнологиясы, генді инженерия бойынша танылған ғалым. Ол жануарлардың денсаулығын аса қауіпті аурулардан қорғайтын 20-дан астам биологиялық препаратты дайындау, бақылау әдістемесі және нормативтік-техникалық құжаттамалар технологиясын әзірлеп және енгізді. Адамдар да шалдығуы мүмкін бұл аурудың алдын алу өте маңызды еді. Препараттар тізімі Кеңес Одағының Халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінде койылды және «Құрмет» грамотасымен марапатталды, сондай-ақ Сан-Диего (АҚШ) қаласында өткен «Қазақстан-95» көрме-конференциясында ұсынылды.

Әлем таныған ғалым

  • Қадыр Бияшұлы – Ресей ветеринарлық ғылымының Халықаралық академиясыньң мүшесі.

Ол 14 доктор және 18 ғылым кандидатын дайындады. Оның басшылығымен ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуы жүргізіледі.

  • 1990 жылы Лейпцик қаласында микробиология және эпидемиология институтында ғылыми өтіл мерзімінен өтті, ветеринарлық эпидемиология бойынша халықаралық ғылыми конференцияларға (Мюнхен 1991, Анкара 1995, Бейрут 1996, Барнаул (Ресей) 1996, Йемен 1997, Израиль 1999, Иордания 2000, Пекин-2003, Будапешт 2005) қатысты.

Марапаттары

  • 1979 жылы КСРО ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет» Грамотасы;
  • 1985 жылы «КСРО Жоғарғы Мектебінің Үздігі» құрметті атағы;
  • 1999 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қазақстан ветеринария саласындағы ғылыми еңбектері мен сіңірген еңбегі үшін ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
  • 2005 жылы «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісі;
  • 2008 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантымен құрметті белгісімен марапатталды.
  • 2008 жылы «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
  • 2009 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері» құрметті атағымен марапатталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер