Қабыш Жанұзақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Жанузаков К.JPG
Қабыш Жанұзақов
Сурет:Жанузаков немересімен.JPG
Жанұзақов Қабыш немересімен

Жанұзақов Қабыш (1917—1997) — Қазақстанның заң қызметі қайраткері.

1917 жылы 7 қарашада, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 13 жасында жетім қалып, кейін балалар үйінде тәрбие алады.

1938 жылы әскерге шақырылады. 1940 жылы Совет-Фин соғысына қатысты. Фин шығанағындағы Ханко түбегінде 164 күн қорғаныс ұстаған.

Одан кейін Ұлы Отан соғысы басталады. Соғыстың басынан бастап 1943 жылдың наурызына дейін аға сержант Қабыш Жанұзақов фронтта соғысқан, ұлы Ленинград қаласын фашистерден қорғаған. 1943 жылы келесі шайқастың үстінде қатты жарақат алып, аяғынан айырылған, кейін демобилизацияланған. Көптеген ордендер мен медальдармен марапатталған

Соғыстан оралған соң, Қабыш Жанұзақов Қазақ КСР-ның прокуроры Барановтың кеңесімен заңгер курстарын өтеді. Павлодар облысының прокуратурасында заңгер болып істеген. Есіл ауданының прокурор меңгерушісі болып істеген.

1957 жылы, Екібастұз қаласы салынған кезде, қалаға келіп, қала прокурорының меңгерушісі болып істеді.

1979 жылы Қабыш Жанұзақов пенсияға шығып, өз өмірін балалар мен немерелерге арнайды.

1997 жылы 80 жасында дүние салады. Қабыш Жанұзақов әрі қиын, әрі қызықты өмір сүрген. Оның балалары мен немерелері оны әрқашан еске алып, үлгі етіп, Жанұзақов фамилиясын мақтан тұтады.

Марапаттары