Қабыкен Мұқышев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабыкен Мұқышев (1920-1976) - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Еңбектері

Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған. Балаларға арналған бірнеше жыр кітаптары, пьесалары жарық көрді. 1959 жылы поэмалар жинағы басылып шықты. Бұған «Аппақ туралы аңыз», «Өкініш», «Достоевский туралы аңыз», «Гүлсім» атты төрт поэмасы енді. Ақын туындылары 1971 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылды. 1972 жылы таңдамалы шығармалар жинағы жарыққа шықты. Шығармалары: Алтын арқа. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948; Жақанның арманы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; Кірпі мен сұрмойнақ. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1958; Көршілер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Екі мысық. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1963; Мысық неге етіксіз? Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1965; Поэмалар. А., «Жазушы», 1970; Құзар шыңдар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972; Дана мен бала. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1978).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}