Ғұмар Қожахметұлы Есенғұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғұмар Қожахметұлы Есенғұлов (15.05.1890, Орал облысы, Темір уезі Ембі-Темір болысының №8 ауылы (қазіргі Ақтөбе облысы, Темір ауданы) — 1930) — Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың жоғары білімді алғашқы дәрігерлерінің бірі.

  • Оның әкесі – Қожахмед Есенғұлов, анасы – №3 ауылдан Балхия Таменова. Әкесі елдегі көзі ашық, зерек адам болған. <ref>Тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы</ref>
  • Есенғұлов болыстық орыс-қазақ мектебін, қалалық орыс-қазақ Романов училищесін бітіргеннен кейін Орал реальдық әскер училищесін тәмамдаған (1910).
  • Училищеден соң курстастары Б.Бейсенов, Ы.Шұғыловпен бірге 1910 ж. Саратов университетінің медицина факультетивіне түсіп, оны 1914 ж. бітіріп шықты.
  • 1914-16 ж. Саратов қаласындағы Земгор одағының лазаретінде дәрігер-ординатор.
  • 1916 ж. Орынбор қаласындағы жедел жәрдем стансасында дәрігер.
  • 1917 ж. сәуірдің басында Орынбор қаласында өткен Торғай және Орал облысы қазақтарының съезінде қаралатын мәселелерді әзірлеп, өтетін орны мен уақытын анықтап, жұртқа хабар беретін айрықша бюроның құрамына кірді.
  • 1917 ж. сәуірдің ортасында Орал қаласында өткен 1-Қазақ Орал облысы съезінде Жайық сырты облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
  • Сол жылғы 21-26 шілде аралығында өткен 2-Жалпықазақ съезінің қаулысымен Құрылтай жиналысы депутаттығына Орал облысынан белгіленген 7 кандидаттың бірі. Құрылтай жиналысына Алаш партиясы атынан аталған депутаттар тізіміне де кірді.
  • Уақытша үкіметтің Орал облысындағы комиссары Г.Бизяновтың ұйғаруымен 1917 ж. Темір уезі бойынша Уақытша үкімет комиссары болып тағайындалды.
  • 1918 ж. 11 қыркүйектегі орталық Алашорда үкіметінің Уфа мәжілісінің қаулысымен Уақытша үкімет берген құқықтарды уақытша пайдалана отырып, жергілікті земстволық басқару ісіне бақылау жасайтын Алашорда Темір уездік комиссары міндеті қоса жүктелді. Осыған орай Ойыл уәлаятының облысы комиссары Ж.Мергеновке бағына отырып, Темір уездік атқару комитетінің Халық шаруашылығы бөлімі деп аталған жергілікті земстволық басқару құрылымының жұмысына бақылау жасады.

Осы қызметте жүріп 1918 ж. күзде ақ қазақтардан қашып, Темірге келген Ә.Әйтиевке, М. Илмағамбетовке уақытша үкімет комиссарының қолы қойылып, мөрі басылған куәлік табыстап, елге жетулеріне көмекгесті. Осы тұста Ташкенттен Жұрын, Темір, Орал арқылы Орынборға бара жатқан Мұстафа Шоқайға жәрдемдесті. Большевик И.Құрмановтың идеяластарына қарсы күреске қатысты. 1919 ж. маусым айында Батыс Алашорданың әскери бөлімшелерін Орал Войско үкіметі жағында үрыс қимылдарына қатыстырмау мақсатында Темір, Ырғыз бағытына алып келген Ж.Досмұхамедовке көмектесті. Ізімбет станциясы маңында қызылдарды атағымен қашырған Ж.Досмүхамедовтың 300 жігітін халық жасағы - сойылмен қаруланған «запас кісілер» есебінен 3 мыңға жеткізіп, үрей туғызған әскери тактикалық шараны ұйымдастыруға қатысты.

  • 1919 ж. қарашада Темір кентін қызылдардың 1-армиясы алғаннан кейін Кеңестер жағына 1919 ж. 20 желтоқсанға дейін шыққандардың қатарында ауылды кеңестендіру, жергілікті басқару органдарын қайта қүру ісіне атсалысты. Темір кентінде эпидемиолог-дәрігер болды. Темір уездік солдат, жүмысшы, шаруа және қазақ депутаттары кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Н.Қалменовтің ұсынуымен 1920 ж. қаңтарда сүзекке қарсы күресетін эпидемемиялық отряд меңгерушілігіне тағайындалды.
  • 1920 ж. маусым айында РК(б)П Қазақ облысы бюросы төралқасының шешімімен жаңадан құрылған Орынбор-Торғай губерниясы атқару комитетіне мүшелікке тағайындалды.
  • 1925 жылдан бастап Ақтөбе қаласында орталық амбулаторияда дәрігер-терапевт.
  • 1929 ж. тергеу органдары тарапынан тұтқындалып, Воронежге жер аударылды.
  • 1930 ж. елге қайтып келіп, дәрігер болып қызмет етіп жүргенде қайтыс болды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub