Ғұбашев Асылбек Ахметұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1952 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылдан КСРО (ҚР) Суретшілер одағының мүшесі. КСРО Кәсіподақтары (ВДНХ) сыйлығының лауреаты. Қаз.КСР Суретшілер одағы ревизиялық комиссиясының жауапты хатшысы болған. Шығармашылық жұмыстары көптеген елдерде қойылған, олардың ішінен Мәскеу, Ташкент, Прага, Египет, Канада, т.б. қалаларды айтуға болады. БҚО тарихи-өлкетану музейінің тапсырысымен бірнеше картина жазды, («Исатай-Махамбет», «Жәңгір хан») олар музей қорында сақтаулы. Тарихи деректерге сүйене отырып, түрлі мұрағат құжаттарын зерттеп, зерделеп бірнеше туындыны өмірге әкелді. Олар Оралдағы М.Мәметованың музей-үйі мен Орда ауылындағы мұражай төрінен орын алған.


Әдебиет:

1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б.