Ғалым Мұхамедин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ғалым Мұхамедин 1952 жылы 20 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында туған. Қазақ.

Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы - Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері.

Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын (Апматы қ., 1975) солист-аспапшы мамандығы бойынша; О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің география факультетін (1999) география және экология мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2006 жылдан). 1969 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында әртүрлі жұмыстар істеген. 1971 жылдың қаңтар айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының жанындағы №8 автоклуб меңгерушісі. 1971 жылдың тамыз айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында әртүрлі жұмыстар істеген. 1972 жылдың шілде айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы В.И. Ленин атындағы бөлімнің тракторисі. 1973 жылдан - Республикалық эстрада-цирк өнері студиясының оқушысы.

1975 жылдан бері - Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі. «Қазақ тілі» Жезқазған қалалық қоғамының мүшесі. «Жігер» республикалық фестивалінің (1985); Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың (1988); Қарағанды облысы әкімінің «Халық әндерін үздік орындаушы» номинациясың лауреаты, «Алтын қобыз» иегері (2007). ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2002); ҚР Президентінің алғыс хатын алған (2001). Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (2002). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1995). Жезқазған қаласы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алтын кітап» кітабына енгізілді (2004). Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы -Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет». Хоббиі - ұмыт болған қазақ халық әндерін жинап, насихаттау. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Айтжанова Әлия Мұхамедиярқызы (1952 ж. т.), Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының сөйлеу жанрының әртісі. Ұлы - Мұхамедин Зухраб Ғалымұлы (1978 ж. т.); қыздары - Мұхамедина Эльвира Ғалымқызы (1981 ж. т.); Мұхамедина Жанерке Ғалымқызы (1990 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub