Ғалым Малдыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалым Малдыбаев(1902-1982) - Солтүстік Қазақстан облысының Жаңажол ауылында туған. 1924 жылы Петропавлдағы партия-кеңес мектебіне оқуға түсіп, оны бітірген соң осындағы «Ленин туы» газетінің редакциясында қызмет істеген. Кейін республикалық, бірнеше облыстық және аудандық газеттерде журналистік жұмыс атқарған. Отызыншы жылдары «Орақ пен Балға», «Доңғалақ» атты жыр жинақтары шықты. 1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, КСРО Жазушылар одағының Жоғары әдеби курсын тамамдады. Ұзақ жылдар Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет атқарды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

«Еңбектегі ерлігі үшін» меда-лімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталды.

Шығармалары

  • Қырым қызы. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМ КӨБ, 1967;
  • Ақ көгершін. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1970;
  • Ырғақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;
  • Тандамалылар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1979;
  • Сарыарқа. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1983.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}