Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалымқайыр Мұтанов (27.3.1957 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1993). ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі. ҚР Халыққа білім беру ісінің үздігі (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Халықаралық инженер және Жоғары мектеп ғылымы, Халықаралық еуропа экономикасы және шығармасы, Халықаралық ақпараттандыру академияларының академигі Қазақ политехникалық институтын (1979, Қазақ ұлттық техникалық университеті) және Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасын (1986) бітірген. Рудный индустриялық институтында оқытушы (1979–86), ассистент, аға оқытушы, доцент (1986–91), профессор, кафедра меңгерушісі (1979–94), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (1994–2002), ҚР Білім және ғылым министрінің 1-орынбасары (2002–03), Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры (2003–10) қызметтерін атқарды. 2010 жылдан ҚазҰУ-дың ректоры. Солтүстік Қазақстан облысы (1999–2001), Шығыс Қазақстан облысы (20032006) мәслихатының депутаты. 250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 12 монографияның авторы. 34 өнертабыс пен патенттің иегері.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Сурет:Ректор КазНУ.jpg
Қазақ ұлттық университетінің ректоры (2010 жылдан бастап)

Еңбек жолы

Ғалымқайыр Мұтанов 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын “Автоматика және телемеханика” мамандағы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметін Рудный индустриялық институтында бастады. Мәскеу болат және қорытпалар институтының «Түсті және сирек металдардың технологиялық үдерістерін автоматтандыру» кафедрасында екі жылдық ғылыми сынақ мерзімінен өтті. Мәскеу мемлекеттік кен университетінің «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасында аспирантура мен докторантурада оқыды. Оның кандидаттық және докторлық диссертациялары жасанды ақыл-парасат элементтерін қолданып, технологиялық үдерістерді автоматтандырып басқару теориясы мен практикасына арналған. 1995 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. СҚМУ-не 7 жыл бойы басшылықеткен кезде, бұл - еліміздегі және одан тысқары жердегі ең үздік жоғары оқу орны болды. 2002 жылы Ғ.Мұтанов ҚР-ның Бірінші білім және ғылым Вице-Министрі лауазымында жұмыс істеді, оның басшылығымен Білім менғылымды дамыту тұжырымдамасының негізі қаланып, оны ең басым бағыттарда іске асыру бойынша жақсы нәтижелер көрсетілді. 2003 жылы шілде айында – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры болып тағайындалды. Инновация, білім сапасы, әлемдік білім кеңістігімен бірігу – бұл бағыт университет үшін басты бағыт болыпқалыптасты. Жоғары оқу орнында қысқа мерзім ішінде сындарлы инновациялық қайта құру жүргізілді, бұл бүкіл аймақтыңинновациялық дамуына тиімді әсерін тигізді. Елімізде алғаш рет университет негізінде «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі құрылып, жұмыс істеуде. Инновациялықжоғары оқу орынның «Университет - Технопарк» моделі еліміздегі жоғары оқу орындарын иновациялық жоғары оқу орындары етіп қайта түрлендіру негізі деп танылды. Ғ.Мұтанов 10 халықаралық академиялардың академигі болып табылады, ол әлеуметтік-экономикалық үдерістер аясындағы тақырыптарға жазылған 400-ден артық ғылыми жарияланымның, соның ішінде 10 монографияның, оқулықтардың, оқуқұралдарының, әдістемелік әзірлемелердің авторы, бұлар АҚШ, Чехия, Швеция, Германия мен Швейцарияда басып шығарылған; сондай-ақ 35-тен астам патенттің, өнертабыстардың авторы. Ол жасанды ақыл-парасатты, сараптама жүйелерін қолдану негізінде техникалық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы математикалық үлгілеу және басқару жөніндегі ғылыми мектебін құрды. Ол үш ғылым докторын және отызға жуық ғылым кандидатын дайындады. IGIP Халықаралық инженерлік педагогика қоғамы Орталық Азия бөлімшесінің Президенті және мониторинг комитетінің мүшесі (Швейцария), Халықаралық инженерлік білім федерациясындағы (IFEES) Қазақстандықо қоғамның (KazSEE) Президенті, UNESCO білім берудегі ақпараттық технологиялар институтының Басқарушылар Кеңесінің мүшесі (Париж), ол «Техникалық жоғары оқу орнының еуропалық оқытушысы» атағының, Республика ғылымын дамытуға елеулі үлес қосқан және де Қазақстан үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді белсене жүргізетін әйгілі ғалымдарға арналған ҚР ҰҒА грантының иегері болып табылады. Ғ.Мұтанов Халықаралық библиографиялық орталықтың күміс медалімен (Кембридж), "The United Europe" Алтын медалімен (Оксфорд) марапатталған. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, “Парасат” орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалдерімен, «ҚР Президентінің ерекше белгісі», «Қазақстан Республикасының халыққа білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері», «ҚР-ның Құрметті инженері» кеуде белгілерімен марапатталды. Ғ.М.Мұтанов «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Ұлттықинновациялық қор» АҚ қоғамдық консультациялық кеңесінің төрағасы, «Нұр-Отан» халық-демократиялық партиясының облыстықсаяси кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және экономика жөніндегі комиссиясының төрағасы болып табылады. Ғ.Мұтанов – КСРО-ның дзюдо күресі бойынша спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт қайраткері, Шығыс жекпе-жек күресіқауымдастығының вице-президенті. 7 қазан 2010 ж. Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}